Қазақстанда полициядан бой тасалап жүргендер кімдер

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстанда адам көптеген себеппен іздеуде болуы мүмкін. Олардың қатарында заң талабын орындаудан жалтарған, алимент төлемегендер, хабар-ошарсыз кеткендер және басқалары бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ranking.kz мәліметіне қарағанда, осы санаттардың әрқайсысы бойынша құқық қорғау органдары жыл сайын егжей-тегжейлі статистикалық мәлімет ұсынады.

Мәселен, 2021 жылы барлығы 21 мыңнан астам адам іздеуде болды.

Ал іздеудегі адамдардың ең көп тараған үш санаты — соттан, тергеуші мен прокурордан жасырынғандар, қарызын төлемейтіндер және алимент төлемейтіндер.

Бірінші санатқа келетін болсақ, 2017 жылдан 2022 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстанда жыл сайын 7,1 мыңға жуық адам іздеуде болған.

Олардың ұсталу ықтималдығы - 54,7 пайыз.

Іздеудегі адамдардың екінші санаты — атқарушылық іс жүргізудегі борышкерлер.

2018 жылдан бері Ішкі істер министрлігі жыл сайын 4,9 мыңға жуық борышкерге іздеу жариялайды.

Үшінші санат - алимент төлеуден жалтарғандар. Құқық қорғау органдары жыл сайын орта есеппен 3,5 мың адамды іздестіреді.


Соңғы жаңалықтар