Қазақстанда полицейлер донорлық эстафетасын бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті донорлық эстафетасын бастады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полицейлер елордалық Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында қан тапсырды. Департамент басшысы Ерлан Омарбеков бұл іс-шара көптеген науқастар, оның ішінде жаңа туған балалар үшін өмірлік маңызы бар екенін, ерікті қан донорлығының кең таралуына өз үлесін қосуға арналғанын атап өтті. Кездесуде қан орталығының басқарма төрағасы Сания Абдрахманова полиция қызметкерлеріне донорлықтың маңыздылығы, қанды медицинада қолдану, оның сапасын бақылау кезеңдері туралы айтып берді», - деді Шұғыла Тұрлыбек Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған апталық брифингіде.

Донорлық эстафетасы Ішкі істер министрлігінен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлеріне берілді. Одан әрі оған еліміздің барлық өңірлерінің полицейлері қатысатын болады.


Соңғы жаңалықтар