Қазақстанда польша алмасы өсіріледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда польша алмасын өсіруге қолайлы өңірлер зерттелді. Бұл туралы Астанада өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанның Польшадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Марғұлан Баймұхан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Польша алма өсіруден әлемде үшінші орында, яғни Қытай мен АҚШ-тан кейінгі орында тұр. Қазақстан нарығында Польша алмасының пайда болуы - бұл нарықтың қажеттігімен, тұтынушының сұранысымен байланысты. Алма экспорттау құқығына ие компаниялар біздің елді өздері таңдады, бұл өз кезегінде нарықтық режім. Ал енді елшілік ретінде біздің жұмысқа тоқталсақ, алманы сырттан тасымалдамай, осы өнімді елімізде өсіруге екпін қойып отырмыз. Атап айтқанда, польшалық алма көшеттерін Қазақстанда өсіру бағытында жұмыстарды ұйымдастыру үшін шараларды атқарудамыз. Бұл процесс басталды», - деді Марғұлан Баймұхан.

Оның сөзіне қарағанда, кейбір компаниялар көшеттерді өсіру жұмыстарын Қазақстан аумағында бастады. Польшалық агрономдардың ақпаратына сүйенсек, алма өсіру үшін Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстары қолайлы.

Айта кетейік, қазақстан-польша тауар айналымы 2018 жылдың қаңтар-наурызында 459,9 млн еуроны құрады. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 280,7 млн еуро сомасында болған еді.

Соңғы жаңалықтар