Қазақстанда пневмониямен ауырғандар саны өткен жылға қарағанда 3,3 есе өскен - Цой

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – КВИ мен пневмония бойынша статистиканың біріктірілетінін айтқан Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл басынан бері елде 234 187 адам пневмониямен ауырғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылдың 1 қаңтарынан 15 шілдесіне дейін Қазақстанда 234 187 адам пневмониямен ауырған. Бұл – өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 3,3 есе көп (70 926 адам)», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министр бұл мәлімет пневмонияның барлық түрін сипаттайтынын жеткізді.

«Олар - стафилококк, стрептококк, пневмококк, клебсиела және басқа да көптеген қоздырғыштар тудыратын бактериалды пневмония (45 824 жағдай тіркелген, яғни 19,6%). Бұл - аденовирус, риновирус пневмониясы, сондай-ақ параинфлюза вирусы, метапневмовирустар және басқа да жақсы зерттелген вирустардан туған пневмония. Ал бұл – қоздырғышы анықталмаған вирусты пневмония. Яғни, пневмонияның қоздырғышы анықталмаған, ковидке ұқсас пневмония жұқтырғаны жоққа шығарылмаған», - деді ол.

Алексей Цой 1 қаңтардан 15 шілдеге дейін пневмониядан 3 327 адам көз жұмғанын (2019 жылы - 1 896 жағдай) хабарлады.


Соңғы жаңалықтар