+7 (701) 759 90 19
USD 430.26 EUR 515.32
RUB 5.61 CNY 65.99
Jańalyqtar

Қазақстанда пластмассаны қоқысқа көмуге тыйым салынады

2018 жылғы 2 қазан 14:26
Бөлісіңіз:
Қазақстанда пластмассаны қоқысқа көмуге тыйым салынады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2019 жылдан бастап пластмасса мен қағаз қалдықтарын көмуге тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату мәселелері бойынша баяндаған Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу үлесін арттыру үшін қалдықтарды бөлек жинауды ендіру, жеке инвестициялар тарту, соның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қалдықтарды қайта өңдеу секторын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нормативтік құқықтық база құрылды және жетілдіріліп жатыр», - деді министр.

Оның айтуынша, Экологиялық кодекске қалдықтармен жұмыс жасау бойынша түзетулер енгізілген.

«Атап айтқанда 2016 жылдан бастап полигондарда құрамында сынап бар шамдарды және құрылғыларды, металл сынықтарын, пайдаланылған майларды және сұйықтықтарды, батарейкаларды, электронды қалдықтарды көмуге тыйым салынды. 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап пластмассаны, макулатураны, картонды және қағаз қалдықтарын, әйнекті, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - құрылыс және тамақ қалдықтарын көмуге тыйым салатын норма күшіне енед»,- деді Қанат Бозымбаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT