+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Қазақстанда пластик қалдықтардың қанша пайызы қайта өңделеді

2019 жылғы 5 қараша 12:24
Бөлісіңіз:
Қазақстанда пластик қалдықтардың қанша пайызы қайта өңделеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда пластик бөтелкелер мен пластик орамаларды қайта өңдеу жолға қойылып келеді. Бұл туралы «Тұрақты дамуға жәрдемдесу» орталығының жобалар жөніндегі менеджері Юлия Душкина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі Түркістан облысында су тасқынынан кейін атқарылып жатқан жұмастармен танысты Каспий теңізі туралы фильм Discovery Channel арнасынан көрсетілмек Жамбылдық орманшыларға 20 жаңа техника табыс етілді

«Түрлі пластик өнімдер өндірісінің көлемі артып келеді. UNEP мәліметтеріне сәйкес, 500 млрд тонна пластик пакеттер қоқысқа тасталады және минут сайын 1 млн пластик бөтелке сатып алынады екен. Өкінішке орай, осынау өнімнің айтарлықтай бөлігі бірінші рет пайдаланылғаннан кейін қоқысқа кетеді. Алайда, пластик өте құнды әрі қайталама шикізат саналады. Сондықтан қайтадан шикізат, жаңа өнім алу үшін, қоршаған ортаға зиян көлемін төмендету үшін оны кәдеге жаратуымыз қажет», - деді ол пластик қалдықтарын жинау және қайта өңдеу тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы барысында.

Оның дерегінше, елімізде де пластик қалдықтар өте көп. Мәселен, тек 2018 жылдың өзінде ғана шамамен 480 мың тонна пластик қалдықтары жиналған. Ал «Оператор РОП» ЖШС мәліметтеріне сәйкес, 2016 жылы елімізде жиналған пластик қалдықтардың салмағы 283 мың тоннаны құраған.

«Бұл ретте 2017 жылы елімізде жиналған пластик қалдықтардың шамамен 6 тоннасы немесе жалпы көлемнің 2 пайызы ғана өңделген. Ал 2018 жылы қайта өңделген пластик көлемі 9 мың тоннаны немесе 3 пайызды құрады. Бұл төмен көрсеткіш және пластик пен пластик қаптамаларды шығарушылардан бастап барлық тарап оны қайта кәдеге жаратуға мүдделі болуы тиіс», - деді Ю.Душкина.

Айта кетерлігі, 2018 жылы Қазақстан аумағында 4,3 млн тонна тұрмыстық қатты қалдық жиналған. Оның 11,2 пайызы немесе 481 мың тоннадан астамын пластик қалдықтар құрайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT