Қазақстанда Pfizer вакцинасын 1 202 344 адам салдырды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1 - ші компонентін 9 512 543 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мәліметінше , коронавирусқа қарсы вакцинаның 2 - ші компонентін 9 290 457 адам салдырды.

2022 жылғы 9 маусымда «Pfizer» вакцинасының I дозасын 1 202 344 адам, ІІ дозасын 1 078 823 адам салдырды.

Оның ішінде І компонентін 860 886 жасөспірім, 40 730 жүкті әйел, 143 806 бала емізетін әйел салдырды.

ІІ компонентін 817 178 жасөспірім, 36 581 жүкті әйел, 132 693 бала емізетін әйел салдырды.


Соңғы жаңалықтар