Қазақстанда Pfizer-дің қанша дозасы бар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елімізде Pfizer вакцинасының қанша дозасы бар екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанға 379 мың доза мөлшерінде Сomirnaty (Pfizer) вакцинасының бірінші партиясы келіп түсті. Екінші партияны жеткізу 20 қарашаға дейін жоспарланған. Вакцинация республиканың 7 өңірінде басталды. Олар Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан, Алматы, Нұр-сұлтан, Шымкент қалалары.

Бүгінгі күні 13 бала мен 247 жүкті және бала емізетін әйел екпе алды», - деді министр Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, ведомство басшысы Pfizer вакцинасын алғысы келетін халықтың сұранысын қанағаттандыру үшін ақылы нарыққа жеткізуді ұсынды.

«ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмасы бойынша ҚР Үкіметіне COVID-19-ге қарсы Comirnaty (Pfizer) вакцинасын халық қалауы бойынша коммерциялық нарық сегментіне шығару ұсынылды. Қолдауларыңызды сұраймын», - деді Алексей Цой.


Соңғы жаңалықтар