+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

2019 жылғы 20 қараша 11:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда педофилдер өмір бойы бас бостандығынан айырылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Балаларға қарсы жасалған зорлық-зомбылық қылмыстар үшін жаза қатал болады. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Талдықорғанда 10 рет сотталған ер адам үй тонады деген күдікпен тағы ұсталды Елімізде 22 жасырын казиноның көзі жойылды Түркістан облысында халықаралық іздеу жарияланған 8 қылмыскер ұсталды

Бүгін жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланып жатыр. Құжаттың екінші бөлігі жыныстық қатынастағы қылмыстарға қатысты болып отыр. Зорлау мен сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер үшін жаза қатаяды.

«Атап айтсақ, зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып, оның дәрменсіз күйін пайдаланып, жыныстық қатынас жасау ауырлығы орташа қылмыстан ауыр қылмыс санатына көшеді. Бұл жерде де татуласу болмайды. Ал балаларға қарсы жасалған осындай қылмыстар үшін жаза тіптен қатал болмақ. Бұл аса ауыр қылыстар санатына жатады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы жыныстық сипаттағы қылмыстар үшін тек қана 20 жыл бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылып отыр», - деді М. Ахметжанов.

Сонымен қатар, педофилия бойынша айғақтарды бұрмалағаны үшін, тек қана бұрмалап және жасырып қоймай, біліп тұрып, хабарламағаны үшін де жауапкершілік көзделген.

«Бұл әрекеттер ауыр қылмыстар санатына кіретін болады. Мысалы, интернатта тәрбиеленіп жатқан балаларға қарсы қылмыстарды тәрбиеші жасырған болса, тиісті жауапкершілік ескерілген», - деді Бас прокурордың орынбасары.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT