Қазақстанда пайдалы қазбалардың қанша кен орны тіркелді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік балансында 8 мыңға жуық кен орны есепке қойылды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«27 жылдың ішінде мемлекет балансына алғаш рет көмірсутек шикізатының 133 кен орны, сондай-ақ алтын, түсті және қара металл және басқа да пайдалы қазбалардың 200-ден астам кен орын қоры алынады. Барланған қорлардың базасында 10-нан астам заманауи тау-кен металлургиялық өндірістер іске қосылды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол Тәуелсіздік жылдарында бірқатар ірі кен орындарын игеру жұмыстары басталғанын еске салды.

«Бүгінде мемлекеттік баланспен 8 мыңға тарта кен орны есепке алында», - деп нақтылады Т. Тоқтабаев.

Вице-министр әлемде шикізат ресурстарын тұтыну мен өндірудің қарқынды өсуі жағдайында геологиядағы дамыту мен жаңғырту мәселелерінің өзектілігі артып отырғаннын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін елордада Геолог күніне орай салтанатты іс-шара өтіп, саланың үздік мамандары марапатталды.

Соңғы жаңалықтар