Қазақстанда пәтерді онлайнда ипотекаға рәсімдеуге мүмкіндік беріледі
2021 жылғы 2 қараша 02:13

Қазақстанда пәтерді онлайнда ипотекаға рәсімдеуге мүмкіндік беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әділет министрлігі Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесіп азаматтарға үйден шықпай құрылыс салушыдан онлайн форматта пәтер сатып алуға мүмкіндік беретін «Цифрлық ипотека» пилоттық жобаны іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәлімдеуінше, бұл процесс құрылыс салушының платформасын және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесін интеграциялау арқылы, құрылыс салушының сайтында тұрғын үйді таңдауды, ипотека алуды автоматты тексеруін қамтиды.

«Ипотеканы мақұлдағаннан кейін, кепіл шарты және сатып алу-сату шартын ресімдеу автоматты түрде жүргізіледі, мәміле тараптарымен қол қойылады және «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қорына тіркеуге онлайн форматта жіберіледі», делінген хабарламада.

Тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама құрылыс салушының сайтындағы өтініш берушінің жеке кабинетіне жіберіледі.


Jańalyqtar

MURAǴAT