Қазақстанда партиялық құрылыс қарқынды түрде дами береді – сарапшы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Sailau Talks-2021 шарасында сарапшылар Қазақстандағы партиялық құрылыс қалай дамитыны туралы пікір айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі

«Карантин кезінде бәрі онлайн режимде жұмыс істеп үйренді, оның ішіне партиялар да кіреді. Осыған сәйкес партиялық құрылыс қарқынды түрде дами береді. Әлдебір мәселені шешу үшін алыс жолға шығудың қажеті болмайды, бәрін онлайн режимде ұйымдастыруға болады», - дейді Этносаяси зерттеулер инститтының директоры Талғат Қалиев.

Ал саясаттанушы Расул Жұмалының айтуынша, қоғамға жоғары қабілетті Парламент керек екені сөзсіз.

«Қазіргі жағдай бойынша Мәжіліс пен мәслихаттың құрамы 50%-ы жаңарады. Ол жерге жаңа тұлғалар келеді. Парламенттің бұрынғы құрамы сайлаушылардың дауысы үшін күрес болатынын толық сезінетін болады. Алдағы уақыт үшін маңызды нәрсе – саяси партиялардың көп болуы», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Sailau Talks-2021 сарапшылары өтіп жатқан сайлаудың маңызын талқылайтынын жазған болатыныз.

Іс-шараны Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.


Соңғы жаңалықтар