Қазақстанда парниктік газдарды сату квоталарына баға белгілеу нарық шартымен биржада жүзеге асады

None
None
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Парниктік газдарды сату бойынша квоталарға баға белгілеу нарықтық шарттармен сауда биржасында жүзеге асады. Бұл туралы Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында «Жасыл Даму» АҚ басшысы Сергей Цой хабарлады.

Компания басшысының айтуынша, квота сатуда маңызды фактор - бұл баға белгілеу. «Дегенмен, бәрін биржа саудасы көрсетеді, ол сауда биржасындағы аукциондар арқылы опциондық сату әдісімен өткізіледі. Сонда бәсекелес күресте кәсіпорындар квоталарға оңтайлы бағаны белгілей алады», - деді С.Цой. Сарапшының айтуынша, бұл шешім нарықта алыпсатарлық көріністер пайда болмас үшін қабылданған. Мәселен, алыпсатарлыққа жол бермес үшін нарыққа өз бетінше квотаның бағасын белгілеуге мүмкіндік беріледі. Бірақ халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша бір шартты тоннаның бағасы 10 доллардан кем болса, жүйе жеткілікті тиімді болмайды. «Сондықтан біз реттеуші ретінде бастапқы бағаны бекіту үшін шаралар қолданамыз. Яғни, біз саудаға 10 доллар бағамен квоталар қоямыз, сосын кәсіпорындар баға конъюнктурасына байланысты төмендету жағына, немесе арттыру жағына қарай реттей алады», - деп түсіндіреді С.Цой. Сонымен қатар, ол баға нормативтік актімен бекітілмейтінін, бұл әдісті нарықтың өзі қалыптастыру керектігін алға тартады. Оның сөзіне қарағанда, нарықтан экономикалық әсер болатыны көбірек күтіледі. Өйткені сауданың басталуы және осы жүйені енгізу есебінен «жасыл» инвестициялар артады.

«Парниктік газдарды сатуды шектеу жүйесін енгізе отырып, біз әлемдік нарықтарға шығу үшін өнеркәсібімізге тағы бір мүмкіндік береміз. Егер бұл жүйе Қазақстанда жұмыс істейтін болса, осы шығарылымдар ескеріледі, кәсіпорындар парниктік газдар шығаруды шектесе, онда олардың өнімдері бұл жүйе енгізілмеген елдерде өндірілгендерге қарағанда бәсекеге қабілеттілік бойынша жоғары деңгейге көтеріледі», - деді компания басшысы.

Жалпы, «Жасыл Даму» АҚ директорының мәліметінше кәсіпорындарға қос қышқылды көміртектің шамамен 147 млн тоннасына квоталар беріледі. «Біздің ойымызша, алғашқы биржадағы сауда 2014-2015 жылдары шамамен 10%-ды немесе 14-15 млн тоннаны қамтиды. Оларды сатып алып, сатуға болады», - деді С.Цой.

Соңғы жаңалықтар