Қазақстанда паллиативтік көмек 2014 жылдан бастап белсенді түрде дамиды

None
None
АСТАНА. 11 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстанда паллиативтік көмек 2014 жылдан бастап белсенді түрде дамиды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлім етті. Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен өткен отырыста Қазақстандағы паллиативтік көмек мәселелері талқыланған болатын.

Вице-министр сөз арасында Қазақстанда бүгінгі таңда паллиативтік көмек көрсету өзекті болып отырғанын атап өтті. Оның айтуынша, «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы аясында 2014-2015 жылдары бұл мәселеге жан-жақты көңіл бөлінетін болады.

«Бұл жұмыстар 2012 жылы қабылданған онкологиялық көмекті дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асады. Біз 2016 жылға дейін осы бағытта кезең-кезеңімен тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз. Ал осы бағытта нәтижелі жұмысқа қол жеткізу үшін жергілікті атқарушы органдар да барынша белсенді болып, кең ауқымды шарадан тыс қалмауы керек. Өйткені, Денсаулық сақтау министрлігі негізінен аталмыш көмекке қатысты ұлттық стандарттарды әзірлеп, енгізеді. Қалған жұмыстың басым бөлігі жергілікті атқарушы билікке түседі», - дейді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар