Қазақстанда өзін-өзі басқару ұйымдарының үлгілері таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстанда өзін-өзі басқару ұйымдарының қандай үлгілері енгізілетінін айтып берді, деп деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бүгінгі дөңгелек үстелде мүдделі мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері өзін-өзі басқару ұйымдарын құру принциптері мен мемлекеттік функцияларды бәсекелестік ортаға беру тәсілдерін талқылады.

«Біз халықаралық тәжірибелерді мұқият зерттедік және шет елдердегі өзін-өзі реттеу институтының сәл өзгеше дамығанын, белгілі бір кезеңдерден өткенін жақсы түсінеміз. Өзге мемлекеттерде өзін-өзі реттеу барлық салаларда жолға қойылған», - деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарушы директоры  заңнама және өзін-өзі реттеу департаментінің директоры Айжан Бижанова.

Сондай-ақ, А.Бижанова өзін-өзі реттеу ұйымының негізгі екі түрі барын баса айтты.

«Өзін-өзі реттеудің толық және жартылай деп аталатын негізгі екі түрі бар. Толық өзін-өзі реттеуде мемлекеттік бақылау атымен жоқ, ал жартылай өзін-өзі реттеу үлгісінде өзін-өзі басқару ұйымдары кәсіпкерлерді қадағалайды, ал мемлекет ұйымдарды бақылап отырады, қажет болған жағдайда тексереді. Біздің экономикаға екінші үлгі сай келеді. Дәл осы үлгі өзін-өзі реттеу туралы заңға негізделген», - деп түсіндірді ол.

Жаңа талапқа сәйкес, өзін-өзі реттеу ұйымдары қоғамдық ұйымға айналады және барлық кәсіпкерлік субъектілері өзі тіркелген  ұйымға толық ақпарат жіберіп отыруға міндеттеледі. Демек, өзін-өзі реттеу ұйымдары өздері нарыққа енгізген кәсіпкерлік үшін барлық жауапкершілікті мойындарына алады, өз мүшесінің абырой-беделі, қауіпсіздігі үшін жауап береді. Тұтынушы тарапынан арыз-шағым түссе де, ең алдымен өзін-өзі реттеу ұйымы шара қолданатын болады. Мамандар бұл арқылы тауар өндірушілер арасындағы сапа мен бәсекеге қабілеттілік көтеріледі деп болжап отыр. Яғни, бір уақытта тұтынушылардың да құқықтары қорғалады, бизнес те реттеледі.

Айта кетейік, ҚР Президенті «Өзін-өзі реттеу туралы» заңға 2015 жылы 12 қарашада қол қойды.

Соңғы жаңалықтар