Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан 5 адам қайтыс болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 272 жағдайы тіркелді, 100 адам аурудан жазылып кетті.

Биылғы жылдың тамыз айының 1-нен бері пневмониямен ауырғандар саны 31086 адамды құрады, 343 адам қайтыс болған. Ал жазылып шыққандардың саны 26669 адамға жетті.


Соңғы жаңалықтар