Қазақстанда өткен тәулікте 85 адамнан коронавирус анықталды
2022 жылғы 29 қараша, 08:17

АСТАНА. ҚазАқпарат - Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда 85 адамның коронавирус жұқтырғанын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«29 қарашадағы мәлімет бойынша елімізде 987 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Олардың ішінде 161 пациент стационарда, 826 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ-ге шалдыққандардың арасында 8 сырқаттың жағдайы ауыр, 2 пациенттің ахуалы өте ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр», - деп жазды ведомстводан.
Сондай-ақ... оқыңыз
Серіктестер жаңалықтары