Қазақстанда өтетін Әлем чемпионатында 108 Олимпиада лицензиясы сарапқа салынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің басшысы Тимур Құлыбаевтың бастамасымен күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионатын ұйымдастыру комитетінің бірлескен жиыны өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуда Қазақстанда өтетін 2019 жылғы әлем чемпионатына дайындық барысы талқыланды.

Әлем чемпионаты 14-22 қыркүйек арылығында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Спорттық бәскеде күрестің үш түрінен 108 Олимпиада ойындарының лицензиясы сарапқа салынады. Сайысқа әлем елдерінен мыңға жуық балуан келеді деп күтілуде. Әлем чемпионатында 1-ші орын мен 6-шы орын аралығына жайғасқан қазақстандық спортшылар 2020 жылы болатын Токио Олимпиадасына қатысуға тікелей жолдама алады.

Еске сала кетейік, лицензиялық әлем чемпионатын өткізу құқығын Қазақстан 2018 жылдың қыркүйек айында жеңіп алған еді. Әлемдік сынды қабылдауға Стамбул қаласы да үміткер атанған болатын.

Әлихан Асқарұлы

Соңғы жаңалықтар