Қазақстанда отбасы институты құрылады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда болашақта «Отбасы институты» құрылады. Бұл туралы отбасы мәселесімен айналысатын мамандарды даярлау бойынша «Отбасы институты» халықаралық жобаның үйлестірушісі Ақбота Базарбаева айтты.

Бүкіл Орталық Азияда тұңғыш құрылатын жаңа институт қазан айында ашылады деп жоспарлануда.

«Мұнда отбасы мен отбасы құндылықтары туралы академиялық білім берілетін болады. Жас отау иелері өздерінің отбасылық өмірін осы жерден кеңес алып, жоспарлай алады. Бұл ашық жеке ұйым болмақ. Мұнда АХАТ, ажырасу мәселелері бойынша жобалар жүзеге асырылатын болады», - деді Ақбота Базарбаева.

Аталған институттың негізін қалау үшін С.Асфендьиров атындағы медициналық университет пен Испаниядағы Наварра отбасылық институты арасында өзара серіктестік жайлы меморандумға қол қойылды.

Өткен жылы желтоқсанда Наваррадағы отбасылық институты Қазақстанға келіп, отбасы ісімен айналысатын мамандарды даярлау туралы халықаралық курсқа адам қабылдауды бастаған болатын. Содан бері 40 адам аталған курсты тәмамдап, бүгін профессор Хавьер Эскрива Иварстың қолынан «отбасы кеңесшісі» деген сертификат алды.

«Енді осы 40 адам өзінің алған білімдерін 1000 адамға жеткізетін болады. Қазанда осы 1000 тыңдарманға да халықаралық сертификат табысталатын болады», - деді А.Базарбаева.

Соңғы жаңалықтар