USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда отандық тауар туралы үздік роликтер таңдалды

2016 жылғы 12 желтоқсан 18:10
Бөлісіңіз:
 Қазақстанда отандық тауар туралы үздік роликтер таңдалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ҚР ИДМ «NADLoC» жергілікті өнімді дамыту бойынша ұлттық агенттігінде «Қазақстандық өнімді таңдаймын» республикалық конкурсы қорытындыланды.

«NADLoC» ұлттық агенттігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 10 қазаннан 5 желтоқсанға дейін әлеуметтік желілерге (Facebook пен Instagram) барлық өңірден отандық тауарлар туралы 48 видеоролик келіп түскен. Құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, блогерлер, режиссерлер мен қоғам қайраткерлері кіретін таңдау комиссиясы авторлардың жұмыстарымен танысты. Комиссия мүшелері қазақстандық тауар өндірушілерді қолдайтын және маңыздылығы бейнеленген 3 үздік жұмысты таңдап алды. Конкурс нәтижесі бойынша, бірінші орынды Алматы қаласынан Алия Қалиаждарова, екінші орынды Алматы қаласынан Сергей Панихин және үшінші орынды Астана қаласынан Қасымова Зере жеңіп алды. Бұдан бөлек, отандық компаниялардың ынталандыру сыйлықтарымен Семей қаласынан Арынғазы Әділбек, Ақтөбеден Бабанов Рахман, Павлодардан Сағит Элеонора, Астанадан Қасымова Зере, Атыраудан Гаврилов Павел, Астанадан Қалимолдаев Данияр, Алматы қаласынан Сергей Панихин марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT