Қазақстанда осы уақытта 3308 адам коронавирустан ем алып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазанның 1-і күнгі ақпарат бойынша, Қазақстанда 3308 адам коронавирустан ем алып жатыр, деп хабарлайды Қазақпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Министрлік тартақан мәліметтерге қарағанда, ем қабылдап жатқандардың арасында 59 сәби бар. Стационарларда 1 813 науқас жатыр, 1 495 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 94 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 13 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр. 21 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар