Қазақстанда осы уақытта 3 684 адам коронавирустан ем қабылдап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирустық инфекциядан 3 684 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайд ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram арнасына сілтеем жасап.

Министрлік таратқан ақпараттарға қарағанда, емделіп жатқандардың арасында 39 сәби бар. Стационарларда 2 003 науқас жатыр, 1 681 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

«Жалпы науқастардың арасында 102 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 13 науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 16 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр»,-делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар