Қазақстанда осы уақытта 14 мыңға жуық адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта коронавирустан 13 926 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондаңы мәліметтерге қарағанда емделіп жатқандардың арасына 1 041 бала бар. Стационарларда 3 999 науқас жатыр. 9 927 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 225 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 36 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағаланып отыр, 43 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар