Қазақстанда осы уақытта 13 832 адам коронавирустан емделіп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда осы уақытта 13832 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың арасында 1004 бала бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

Ондағы ақпараттарға қарағанда, елдегі стационарларда 3 762 науқас жатыр, 10 070 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 230 адамның денсаулық жағдайы нашар. Соның ішінде 41 науқастың денсаулық жағдайы аса ауыр деп бағалануда. 44 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.


Соңғы жаңалықтар