Қазақстанда Орталық Азияның Өңірлік су консорциумын құру ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда Өңірлік су және энергетикалық консорциум құру қажет. Мұндай ұсынысты БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпы саяси дебаттарында сөз сөйлеген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аймақтық ынтымақтастық мәселесін әрдайым басты назарда ұстаймыз. Қазіргі уақытта аймақтағы елдердің түрлі салалардағы өзара іс-қимылды едәуір кеңейтуіне байланысты Орталық Азия қарқынды дамып келеді. Өркендеген, қуатты және біртұтас Орталық Азия өңірлік және жаһандық тараптардың мүдделеріне сай келеді деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті өңірлік тұрақтылық мәселесінде трансшекаралық су ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызы ерекше екендігін баса айтты.
«Осыған байланысты біз Өңірлік су және энергетикалық консорциум құруды ұсынамыз. Орталық Азияны дамыту бағытындағы күн тәртібін үйлестіру үшін біз Алматы қаласындағы Орнықты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ-ның өңірлік орталығын институтқа айналдыруға ниеттіміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
- COVID-19 вирусынан екі млн адам қайтыс болды: БҰҰ басшысы мәлімдеме жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президенті Джоко Видодоға көңіл айтты
- ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
- Партияларға Парламентке өтуге мүмкіндік жоғарылайды - Әли Бектаев
-
ҚР Президенті Премьер-Министрді тағайындауға қатысты: Пікірталас ашық әрі айқын болды
-
Елбасы кітапханасына жаңа директор тағайындалды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам