Қазақстанда өрт қаупі жоғары проблемалық аумақтар анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылғы 9 ақпанда ІІМ ТЖ комитеті мен Астана қаласы ТЖ департаментінің қызметкерлері елордадағы жеке тұрғын үй секторында (Көктал-1) рейд жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шара барысында тұрғындарға ағымдағы жылыту мерзімінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, улы газбен улануды және оқыс оқиғаларды болдырмау үшін жылыту пештерін қауіпсіз пайдалану бойынша жадынамалар таратылды.

«Халық арасында өрт-профилактикалық жұмыстарды күшейту мақсатында ТЖ комитеті мен облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ТЖ департаменттерінде жедел штабтар ұйымдастырылды. Штабтар ТЖК және ТЖД бөлімшелерінің қызметкерлерінен құрылған. Сонымен қатар, профилактикалық іс-шараларға ерікті түрде волонтерлік ұйымдар мен өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін ұйымдар тартылады. Штабтар елдімекендерде (көшелер, орамдар, шағын аудандар) өртке қарсы қызметтің назарын аударуды қажет ететін аса проблемалық аумақтарын анықтады», - делінген комитет хабарламасында.
null

Осы орайда демалыс күндері азаматтардың көбі үйде болатынын ескере отырып, ТЖК бөлімшелерінің басқару аппараттарын қоса алғандағы барлық жеке құрамы өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша аула-ауланы аралауға шығады. Рейдтік іс-шаралар барысында пештерді және басқа да жылыту құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бойынша жадынамалар мен нұсқаулар таратылады.

Суық түскеннен бастап жылыту құрылғыларын пайдалану басталғанына байланысты, тұрғын үй секторындағы өрт саны өсуде. Талдау көрсеткендей, өрттердің басым бөлігі тұрғын үй секторында орын алады. Бұл ретте электр желілері мен жабдықтарын пайдалану, сондай-ақ пешпен жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау тілсіз жаудың таралуына себеп болып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар