Қазақстанда онлайн-туризм қызметіне жүгінушілердің саны артуда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Отандық туроператорлар туғызған дау-дамай қазақстандық туристердің онлайн-қызметке көше бастауына себеп болды. Бұл туралы Қазақстан интернет-бизнесі мен мобильді коммерция қауымдастығының директоры Манарбек Әбенов айтты.

Оның айтуынша, авиабилеттер мен қонақүй нөмірлерін онлайн режімде алдын ала брондау туристердің ақшасын үнемдеуге мүмкіндік береді.

«Отандық туристік операторлардың басында болған дау-жанжал оффлайн режимнің сенімсіз екендігін дәлелдеп отыр. Сарапшылардың бағалауынша, «Гүлнар Тур» мәселесінен кейін туристер жаппай онлайн қызметке жүгіне бастаған. Әсіресе, адамдар қонақ үй нөмірлерін туроператорлардың көмегінсіз, интернет арқылы белсенді брондай бастады», - деді ол.

Қазақстанда онлайн-туризм нарығы әлі тәй-тәй басып келеді. Егер, АҚШ-та билеттердің 60%-ы, Еуропада 50 %-ы интернет арқылы сатылса, Қазақстанда бұл көрсеткіш тек 8-10 %-ті құрайды.

ҚР Ұлттық банкі ұсынған мәлімттерге сәйкес, 2013 жылы интернет-төлемдер көлемі 265,4 млрд теңгені құраған. Бұл 2012 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 81,5%-ға артық (119,2 млрд тенге).

Алайда, туристік саланың үлесі 1%-дан аспай отыр.

Маманның айтуынша, бұған бірнеше мәселе тұсау болып отыр.

«Адамдар ғаламтор арқылы сауда жасауға әлі де секеммен қарайды. Оларда банк картасын алаяқтар оқып қояды деген қауіп бар. Сондай-ақ, еліміздің басым аймақтарына жоғары жылдамдықты интернет тарала қоймаған. Тек Алматы мен Астананың интернет пайдаланушылары ғана белсенділік танытуда», - деді маман.

Соңғы жаңалықтар