+7 (701) 759 90 19
USD 447.67 EUR 491.36
RUB 5.74 CNY 63.07
Jańalyqtar

Қазақстанда онлайн митингілер өткізу ұсынылды

2020 жылғы 17 ақпан 13:10
Бөлісіңіз:
Қазақстанда онлайн митингілер өткізу ұсынылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоғам белсенділері Қазақстанда бейбіт митингілерді онлайн режимде өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Дәулет Байделдінов бейбіт жиналыстар туралы жаңа заң жобасы жөнінде: Барлық кемшіліктер жойылады Бейбіт жиналыстар туралы заң жобасының артықшылықтары қандай Бейбіт жиналыстар туралы заң: Әлемдік практика қандай

«Өздеріңіз білесіздер, бізде әлеуметтік желілер үлкен рөл атқарады. Сондықтан, осы заңда (ҚР бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы) әлеуметтік желілер тенденциясының жүзеге асқанын қалаймын. Мұнда онлайн-митингілер, онлайн-сауалнамалар өткізуге болады. Сөйтіп, кез келген адам онлайн-митингілер арқылы өз пікірлерін білдіре алады», - деді Болат Жұматаев.

Өз кезегінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл ұсыныс назарға алынатынын жеткізді.

«Бұл керемет идея. Біз сіздің ұсынысыңызды мұқият зерттейміз. Мұнда шынымен логика бар. Мұны қарастыруға болады. Бірақ ғаламтордағы митингілер, сауалнамалар «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткізіледі. Егер бәрі онлайн режимінде болса, онда неге болмасқа», - деді Дәурен Абаев.

Айта кетейік, Алматыда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың азаматтық белсенділермен кездесуі өтіп жатыр. Онда бейбіт шерулерді өткізу және ұйымдастыру тәртібі жөніндегі ҚР заңын жетілдіру мәселесі қаралуда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT