+7 (701) 759 90 19
USD 388.70 EUR 428.70
RUB 6.08 CNY 55.46
Jańalyqtar

Қазақстанда онлайн бақылау-кассалық машинаның саны қанша

2019 жылғы 1 қараша 12:59
Бөлісіңіз:
Қазақстанда онлайн бақылау-кассалық машинаның саны қанша

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде Қазақстанда тіркелген кассалардың саны 500 мыңнан асты. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік кірістер саласындағы 14 млн қызмет электрондық тәсілмен көрсетілген Қазақстанда 42 млн SIM-картаны тіркелген Асқар Жұмағалиев: Ауыл мен қаладағы интернет тарифінде айырмашылық болмайды

«Онлайн- бақылау-кассалық машинаны енгізу және мониторинг жүйесіне қосылу 2015 жылдың шілдесінен бастап кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Онлайн-БКМ-ды өз есеп айырысуларында қолдануға міндетті алғашқы ұйымдар – жанар-жағар май, дизель, алкоголь өнімдерін сатушылар болды. 2016 жылдың басынан бастап компьютерлік техника, жиһаз сатушылары, қонақ үйлер, кинотеатрлар, шаштараздар, мейрамханалардың иелері, құрылыс материалдарының көтерме сатушылары жаңа талаптарға сәйкес сауда жүргізіп, қызмет көрсетуге міндетті. 2018 жылдан бастап онлайн-БКМ пайдалануға міндеттілер тізімі сауда және ломбардтар саласындағы кәсіпкерлік субъектілерімен толықтырылды», - деді вице-министр Үкімет үйінде өткен брифингте.

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтарынан бастап онлайн-БКМ қолдануға көшудің соңғы кезеңі басталды. Ашық сауда орындарындағы тұрақсыз орын арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлер қосылды. Бұл шамамен 15 мың салық төлеуші.

«Қазіргі уақытта тіркелген кассалардың саны 535 мың. Олардың ішінде онлайн-БКМ 505 мың дана. Тіркелген онлайн-кассалардың көп бөлігі стационарлық кассаларға тиесілі, олар шамамен 333 мың немесе 62%, оларға техникалық қызмет көрсету орталықтарында қызмет көрсетіледі. Тіркелген онлайн-кассалардың қалған 38% компьютерлерде, планшеттерде және мобильді құрылғыларда жұмыс істейтін аппараттық-бағдарламалық кешен (АБК) түріндегі кассалар», - деп нақтылады вице-министр.

Министрлік мәліметіне қарағанда, қазір Қазақстанда қолданылып жүрген фискалдық жады бар бақылау-кассалық машиналары 1995 жылдан бастап қолданылып келеді, олар техникалық тұрғыдан ескіргені анық. Бүгін енгізіліп отырған онлайн-кассалық бақылау машиналары – бұл салық органдарына деректерді онлайн режімінде тiркеу және беру фукциясы мүмкіндігі бар құрылғылар.

2014 жылы Дүниежүзілік банк пен салықтық әкімшілендіруді реформалау жобасы бойынша бірлескен жұмыс аясында халықаралық сарапшылардың ұсыныстарына сәйкес, онлайн-кассалық машиналарды пайдалану нормалары жасалып, қабылданды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT