+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Қазақстанда өңірлердің басым бөлігінде инфляция жылдамдады

2021 жылғы 20 қазан 15:08
Бөлісіңіз:
Қазақстанда өңірлердің басым бөлігінде инфляция жылдамдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жылдық инфляция қыркүйекте 13 өңірде жылдамдады. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфляцияны тұрақтандыру мақсатында Мемлекет басшысы осы жылғы қыркүйектегі өзінің Жолдауында Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп монетарлық емес факторларға ерекше назар аударуды тапсырды. Президенттің орындау үшін Үкімет шешімімен Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешені бекітілді, оны іске асыру осы жылғы қыркүйекте басталды», - деді Е. Досаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Сонымен қатар ол биылғы инфляцияны тежеудің негізгі қадамдарын айтты.

«Сіздердің назарларыңызды өңірлердегі жағдайға аударғым келеді. Жылдық инфляция қыркүйекте 17 өңірдің 13 өңірінде жылдамдады, ол 6 облыста 9 пайыздан асып отыр. Ұлттық банктің пікірінше, өңірлік нарықтарда бағаларды тұрақтандыру және тауарлар тапшылығына жол бермеу биылғы жылғы инфляцияны «тежеудің» негізгі факторлары болып саналады», - деді ҰБ басшысы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ұлттық банк төрағасы елімізде инфляцияның өсуінің негізгі себептерін айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT