+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді

2021 жылғы 17 маусым 12:29
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама әзірленеді. Бұл туралы Мәжілістегі дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ержан Аманизяов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың есебін тыңдады Серікбай Трұмов: Туризм нысандарының салынуы облыс экономикасына зор серпін береді Қызылордада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған шаралар 12 бағытта іске асуда

«Үкіметтік нұсқада Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндама көзделмеген. Бірақ, онда индустриялық ахуалды бағалау бар. Депутаттармен түзетулерді жұмыс тобында талқылау барысында индустриялық ахуал мен өнеркәсіптің дамуын бағалауды бір құжатқа топтастырамыз деп шештік. Және де Өнеркәсіптің жай-күйі туралы ұлттық баяндамаға түзетулер енгізілді әрі ҚР Президентінің қарауына ұсынылады», - деді Аманияз Ержанов.

Оның атап өтуінше, енгізілген түзетулерге сәйкес, Ұлттық баяндама екі аналитикалық дереккөзге, атап айтқанда, индустриялық дамуды бағалау мен өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру іс-шараларының тиімділігін бағалауға негізделеді.

«Түптеп келгенде Ұлттық баяндама мемлекеттік жоспарлау жүйесінде құжаттар қалыптастыру үшін негіз болады және өзіне Ұлттық экономика министрлігі айналысатын мемлекеттік жоспарлау жүйесінің барлық мәселелерін дайындау барысында бүкіл сұрақтарды қамтиды. Сонымен қатар Ұлттық жобада орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңге арналған өнеркәсіптік саясатттың басымдықтары мен бағыттарын көздейді», - деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, Ұлттық баяндама дөңгелек үстелдерде, қоғамдық кеңестерде, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңдарында жан-жақтыталқыланатын болады.

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Өнеркәсіптік саясат туралы» жаңа заң жобасы талқыланған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT