+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

2020 жылғы 17 қыркүйек 10:53
Бөлісіңіз:
Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда Өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Бұл туралы Қазақстан машина жасаушыларының VIII форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Кентаудағы цех айына 500 жиһаз шығарады Еңбегімнің жемісін көріп келемін – атыраулық слесарь Рашид Алашбаев Қазақстанда өнеркәсіпті дамыту қоры құрылды

«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында 5 жылдың ішінде өңдеу өнеркәсіндегі өндіріс көлемін кемінде 1,5 есеге арттыру туралы нақты тапсырма жүктеді. Отандық машина жасау өңдеу өнеркәсібінің локомативі болды және ел басшылының басты назарында қала береді. Бүгінде отандық машина жасау кәсіпорындары Қазақстанның даму банкі, «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламалары тетіктерін қоса алғандағы жеңілдікпен қаржыландырудан бастап, жеңілдікті лизинг пен экспортты ілгерлететін тетіктерін пайдалану арқылы сатуға дейінгі мемлекеттік қолдаудың кешенді шараларын қолдана алады», - деді ол.

Роман Склярдың атап өтуінше, Үкімет пен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен алаңында қарапайым заттар экономикасы бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі мәселелерін жедел шешетін Жобалық кеңсе жұмыс істейді. Оның аясында кәсіпкерлік субъектілерін барынша қамту үшін қызметтер кодының тізбесі кеңейтілді, қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі 6 пайызға дейін төмендетілді, жергілікті атқарушы органдар үшін жергілікті қамту бойынша KPI белгіленді.

«Аталған тетіктерге қосымша Өнеркәсіпті дамыту қоры деп аталатын жаңа тиімді тетік пайда болады. Қазақстанның машина жасауды дамытуға жәрдемдесу мақсатында 2019-2024 жылдарға арналған саланы дамыту жөніндегі жол картасы жүзеге асырылуда. 2020 жылдың 8 айының қорытындысында машина жасау саласы 16 пайыз өсім көрсетті. Осы нәтиженің барлығы мемлекет пен бизнестің қажырлы еңбегі», - деді Роман Скляр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT