+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайызға арзандады

2020 жылғы 2 маусым 08:30
Бөлісіңіз:
Қазақстанда өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайызға арзандады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық өнеркәсіп өнімдерін шығарушы кәсіпорындар бағаны ағымдағы жылдың бес айында (2019 жылдың желтоқсанынан бастап 2020 жылдың мамыр айы) 19,5 пайызға төмендеткен.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан экономикалық өсімді қашан қалпына келтіре алуы мүмкін – сарапшы пікірі Алматыда бірқатар өндірістік цех модернизациядан өтті Алматы ауыр машина жасау зауыты карантин жағдайында қалай жұмыс істеп жатыр

Кен өндіру өнеркәсібінің бағалары 36 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп – 0,2 пайызға төмендеді. Өнеркәсіп өнімдері 21,7 пайыз арзандаған, өнеркәсіп сипаттағы қызмет көрсету 2,9 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қаржы министрлігінің Статистика комитетіне сілтеме жасап.

«Өткен айдың ішінде мазут өндіруші кәсіпорындардың бағалары 50,7 пайыз, мұнай - 46,7 пайыз, сұйытылған пропан мен бутан - 23,2 пайыз, бензин - 10,5 пайыз, дизель отыны 6,8 пайыз төмендесе, металл рудаларының бағалары - 12,3 пайызға, табиғи газ - 5,3 пайызға, көмір - 1,3 пайызға көтерілген. Мырыш бағасы 16,7 пайыз, қорғасын - 11,6 пайыз, алюминий - 9,4 пайыз, мыс - 6,3 пайыз, қара металдар прокаты - 3,6 пайызға төмендеді, асыл металдар бағасы 11,8 пайызға артқан», - деп хабарлады комитеттен.

Жарма өндірушілерінің бағалары 9,6 пайыз, бидай ұны - 8,8 пайыз, қарабидай ұны - 5,7 пайыз, мал еті - 6,8 пайыз, құс еті - 2,3 пайыз, шай - 6,4 пайыз, макарон өнімдері - 5,5 пайыз, күріш - 5,1 пайыз, қант - 4,9 пайыз, сүт өнімдері - 3,4 пайыз, күнбағыс майы – 3 пайыз, нан - 2,8 пайыз көтерілген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT