Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 2,7%-ға өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан экономикасында 2019 жылдың екінші айының қорытындысы бойынша экономиканың көптеген салаларында өсім байқалды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қаңтар-ақпан айларында өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,7% құрады. Ауыл шаруашылығындағы өсім - 3,6%, құрылысы саласының өсімі - 2,0%, қызмет көрсету саласында 3,9% болды.

Сонымен қоса, биыл сапалы өсім өңдеу салалары, құрылыс және инвестициялар, сондай-ақ негізінен ШОБ шоғырланған қызмет көрсету секторы арқылы қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл орайда жаңа бастамалар бойынша бөлінетін бюджет қаражаты экономикаға, халықтың табысына, сонымен қатар инвестициялық белсенділікке қолдау көрсетеді.

Биыл Үкімет пен Ұлттық Банк оның ішінде, халықтың әл-ауқатын арттыруға, экономикалық өсім сапасын көтеруге, инфляциялық процестерді төмендетуге және қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған макроэкономикалық саясатты жүргізуде өзара байланысты күшейтеді.

Соңғы жаңалықтар