Қазақстанда өндірістік жарақаттану қай өңірлерде жиі кездеседі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпаратм – Биылғы 1 қазандағы жағдай бойынша еліміздегі кәсіпорындарында 844 жазатайым оқиға орын алып, нәтижесінде 943 адам зардап шеккен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 13 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, биыл жазатайым оқиға салдарынан 111 адам қайтыс болды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 26 пайызға төмен. 2018 жылдың 9 айында 150 адам көз жұмған еді.

«Экономика салалары бөлінісінде зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында – 153 немесе 16,2 пайыз және құрылыс саласында – 121 немесе 12,8 пайыз. Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Шығыс Қазақстан (137 адам зардап шекті), Қарағанды (133 адам), Павлодар (83 адам), Қостанай облыстарында (67 адам) және Алматы қаласында (73 адам) сақталуда», - делінген ведомство хабарламасында.

Еңбекті қорғау саласында неғұрлым жиі орын алатын бұзушылықтар қызметкерлерді оқытпау және нұсқама жүргізбеуге, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеуге, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етпеуге қатысты болады.

«Жазатайым оқиғалардың көпшілігі зардап шегушінің биіктіктен құлауынан (191 немесе 20,2%), қозғалатын, айналатын заттардың әсерінен (119 немесе 12,6%), заттардың, материалдардың қирауынан, опырылуынан, құлауынан (105 немесе 11,1%) болған», - деп нақтылады мамандар.

Соңғы жаңалықтар