Қазақстанда өндірістік жарақаттану деңгейі 5,7 пайызға төмендеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2020 жылғы қаңтар-сәуір айлары аралығында республиканың кәсіпорындарында 365 жазатайым оқиға тіркелді. Оның салдарында 413 адам жарақат алды, бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінен 5,7 пайызға төмен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Экономика салалары бойынша ең көп зардап шеккендер тау-кен металлургия кешені кәсіпорындарында - 77 немесе 22,5 пайыз, сондай-ақ құрылыс индустриясында - 33 немесе 9,6 пайыз деңгейінде байқалған. Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі Қарағанды (73 адам жарақат алған), Шығыс Қазақстан (40 адам), Қостанай (35 адам), Ақтөбе облыстарында (25 адам) және Алматы қаласында (14 адам) сақталып отыр», - делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінде.

Еңбекті қорғау саласында жиі кездесетін ереже бұзушылықтар қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етпеу, қызметкерлерге оқыту мен нұсқау беру өткізбеу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етпеуге қатысты.


Соңғы жаңалықтар