Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жетілдіріледі

2022 жылғы 14 маусым 16:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру жетілдіріледі. Бұл жайында Мәжіліс депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта «Еңбек қауіпсіздігінің экономикалық проблемалары және Қазақстан Республикасындағы сақтандыру механизмін институционалды түрлендіру» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесінде 2023 жылы 2025 жылға дейінгі Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ту жөніндегі іс-қимыл жоспарының 12-1 тармағына сәйкес, Өндірістегі жарақаттың алдын алу және өндірістегі жазатайым оқиғалардан міндетті түрде сақтандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі заң жобасының тұжырымдамасы әзірленетін болады», - деді Ералы Тоғжанов жауабында.

Оның атап өтуінше, өндірістегі жазатайым оқиғалардың салдарынан мүгедек болып қалған тұлғаларды әлеуметтік қорғау мақсатында үш көзден әлеуметтік төлем қарастырылған –республикалық бюджеттен мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбек қабілетін жоғалтуына байланысты әлеуметтік төлем, егер зардап шегуші «Жұмысшының еңбек (қызметтік) міндеттемесін орындау барысында жазатайым оқиғалардан зардап шеккен жағдайда міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» ҚР заңына сәйкес сақтандырылған жағдайда сақтандыру көлемі жүзеге асыратын залалды өтеу төлемі. Ал егер зардап шегуші сақтандырылмаған жағдайда залалды өтеу төлемін жұмыс беруші өтейді.


Автор:

Марлан Жиембай

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары