+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3% -ға төмендеді

2021 жылғы 22 қыркүйек 09:20
Бөлісіңіз:
Қазақстанда өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3% -ға төмендеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің деректері бойынша, ағымдағы жылдың сегіз айында өндірістегі жазатайым оқиғалардың нәтижесінде 938 қызметкер зардап шекті, оның 114-і қайтыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Отандық өнім өндіру кәсіпорындарында KPI индикаторы енгізілді

Осылайша, өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9% - ға өсті (өткен жылдың 8 айында 912 адам зардап шекті). Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 12,3% - ға төмендеді (2020 жылы осы кезеңде өндірісте 130 адам қаза тапты).

Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында сақталуда.

Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT