Қазақстанда өндіріс саласында өсу қарқыны болған өңірлер аталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев өндіріс саласында өсу қарқыны болған өңірлерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«13 өңір оң өсу қарқынын көрсетті. Ең жоғарғы өсу бетон, тазартылған алтын және теміржол локомотивтері өндірісінің өсуі есебінен Нұр-Сұлтан қаласында. Ал металл конструкциялар, автобустар мен бетон өндірісінің өсуі есебінен Алматы қаласында, сондай-ақ темекі өнімдері мен аккумуляторлар өндірісінің өсуі есебінен Алматы облысында байқалды», - деді министр Үкімет отырысында биылғы қаңтар-наурыздағы қорытындыларды баяндай келе.

Оның айтуынша, өңдеу өнеркәсібінде төмендеу 3 өңірде байқалып отыр. Осы орайда бензин, керосин және мазут өндірісінің қысқаруы салдарынан Атырау облысында, сонымен қатар болат құбырлар мен профильдер, бензин мен дизель отыны өндірісінің төмендеуінен Батыс Қазақстан облысында, ал мақта және табиғи уран өндірісінің азаюы салдарынан Түркістан облысында тіркелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жылдық инфляция 7 пайызға дейін баяулады.


Соңғы жаңалықтар