Қазақстанда өндірілетін сүттің 10 пайызы СҚО-ға тиесілі

None
Фото: akorda.kz
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында жүр. Өңір әкімдігі берген мәліметке сенсек, облыста жыл сайын 650 мың тоннадан астам сүт өндіріледі. Бұл – республика бойынша өндірілетін сүт көлемінің 10 пайызы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Соңғы бес жылда облыста 16,5 мың бас ірі қараға есептелген 30 сүт фермасы ашылды.

Биылдан бастап тағы да 17 тауарлық сүт фермасын ашу үшін қосымша 54,9 млрд теңге бөлінеді.

Өңірді кешенді дамыту бағдарламасы аясында «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жалпы құны 35 млрд теңгеге 35 жоба қаржыландырылған.

Мемлекет қолдауымен 21 сүт фермасы және 2 құс фабрикасы ашылды. Тағы бір құс фабрикасы алдағы уақытта пайдалануға беріледі.

Ет өнімдерін шығаруға маманданған «EMC-Агро» ЖШС кешеніндегі мал саны 200 мың басқа дейін көбейіп, қосымша 180 жұмыс орны ашылмақ.

Май сығатын зауыт, жылыжай, суармалы егістік, асыл тұқымды қой шаруашылығы секілді бірнеше бағытта түрлі жоба жүзеге асырыла бастаған.


Соңғы жаңалықтар