Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін өсуі мүмкін - Ұ.Қарабалин

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін өсуі мүмкін, деп мәлімдеді Атырауда мұнайшылармен өткен кездесуде ҚР Энергетика вице-министрі Ұ.Қарабалин.

«2015 жылы біз Каспий маңы ойпатын геологиялық зерттеу бойынша «Еуразия» жобасын іске асыруға кірісеміз, оның барысында аса терең ұңғымаларды бұрғылау жоспарлануда. Каспий маңы ойпатында ашылған мұнай кен орындары аз емес, солардың арасында Теңіз, Қарашығанақ және тағы басқалары бар.

Сонымен бірге ауқымды көлемде көмірсутегі болуы ықтимал шөгінді жыныстар да жетерлік. Сәтін салса, Қазақстанда өндірілетін мұнай қоры 60 млрд. тоннаға дейін артуы мүмкін. Бұл жұмыстар Ресей Федерациясымен бірлесіп жүргізілмек, таяуда біз келісімге қол қоймақшымыз», - деді Ұ. Қарабалин.

Атырау МӨЗ ұжымымен кездесу «Нұрлы Жол» - болашаққа бастар жол» атты Президент Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин бастаған республикалық ақпараттық топпен кездесу аясында өтті.

Соңғы жаңалықтар