Қазақстанда оң рульді 19 мың көлік жүр - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың мәліметі бойынша. Қазақстанда 19 мың оң рульді көлік жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде мәлім етті.

«Рулі оң жақтағы көілктер қалай заңдастырылады? Оларды сол жаққа ауыстыру керек пе?» деп сұрады журналист министрден.

Марат Ахметжановтың айтуынша, қазір Президенттің аталған бағыттағы тапсырмасын 2007 жылғы заңнамалық нормалармен сәйкестендіру жұмыстары жүріп жатыр.

«Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, 2007 жылдан бері рулі оң жақтағы көліктерді тіркеуге заңнамада тыйым салынған. Бірақ Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында шешім қабылданады. Қазір қаралып жатыр. Біздің мәліметіміз бойынша, қазір Қазақстанда 19 мыңға жуық көлік бар», - деді Ішкі істер министрі.


Соңғы жаңалықтар