Қазақстанда Олимпиада ойындары өткізілсе, қуанар едім - Денис Тен

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Халықаралық Олимпиада комитетінің бағалау комиссиясы төртінші күнді өткізді. Өтінім комитеті мен халықаралық комиссия өкілдері бүгін қауіпсіздік пен медициналық көмекті қамтамасыз ету, қоғамдық және саяси қолдау мәселелерін талқылады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Тимур Досымбетов өз сөзінде Алматының бірқатар артықшылықтарын айтып өтті.

«Төртінші күн өте нәтижелі өтті. Бағалау комиссиясы біздің өтінімімізді дұрыс қабылдады. Алматының оған барлық мүмкіндіктері бар», - деді Т.Досымбетов. Өз кезегінде Ұлттық Олимпиада Комитеті атқарушы кеңесінің мүшесі Андрей Крюков Қазақстанның экономикасы дүбірлі доданы өткізуге қабілетті екендігін жеткізді. «Елдің ЖІӨ 240 млрд. доллар құраса, өсімі 5 пайызды құрап отыр. Қазақстан қаржылық жағдайы Олимпиада шығындарын көтеруге толығымен мүмкіндік береді», - деді ол. Баспасөз конференциясына қатысқан отандық спортшылар Олимпиада ойындарының Қазақстанның болашағын күрт өзгертетінін айтты. «Олимпиада ойындары ғашықтыққа парапар. Оны сезіну керек. Сөзбен жеткізу мүмкін емес. Олимпиада ойындары барлық елді бір үлкен спорттық отбасыға біріктіреді. Елімнің болашағын өзгертеді. Қазақстан толерантты ел ретінде белгілі. Менің елімде Олимпиада ойындары өткізілсе, өте қуанар едім. Ол - менің арманым. Олимпиада тек қаланың ғана емес, бүкіл елдің дамуына серпін береді. Халықаралық сайыстардың барлығы елдің репутациясын жақсартуға бағытталған», - деді Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен.

Соңғы жаңалықтар