Қазақстанда оқушылардың 86% қалыпты режимде білім алуда – ҚР БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова биылғы оқу жылының алғашқы тоқсанын қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Күзгі каникул жақындап келеді. Осы аптада мектептерде бөлім үшін жиынтық бағалау (БЖБ) жалғасуда. Келесі аптада барлық негізгі пәндер бойынша ТЖБ өткізіледі. Бірінші тоқсан үшін қорытынды бағалар келесі аптада қойылады. Күзгі демалыс 1 қарашада басталып, 7 қарашаға дейін жалғасады. Айта кету керек, биылғы оқу жылында мектептердің 30%-ында оқу процесі бір ауысымда, мектептердің 68%-ында екі ауысымда және балалар контингенті көп және оқушы орындарының тапшылығы бар мектептердің 2%-ында оқу процесі үш ауысымда ұйымдастырылды», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бүгінгі күні қалыпты режимде 86,4%, аралас форматта 11,6% және ата-аналардың өтінішімен 0,6 % бала қашықтан білім алып жатыр. Мектептерді ауысым бойынша жеңілдету үшін әр мектепке жеке пәндерді немесе жеке сағаттарды қашықтан оқыту арқылы аралас оқытуды ұйымдастыру құқығы беріледі. Бұл мүмкіндікті негізінен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Алматы және Түркістан облыстарының мектептері пайдаланады.

«Биылғы оқу процесі өткен жылдары жіберілген олқылықтардың орнын толтыруды ескере отырып ұйымдастырылды. Бұл жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы дайындаған әдістемелік ұсынымдар бойынша жүргізіледі, неғұрлым күрделі тақырыптар таңдалды. Сабақтарды мұғалімдер өз пәні бойынша жеке ұйымдастырады», - деді вице-министр.


Соңғы жаңалықтар