Қазақстанда оқушылар Тағамтану академиясының мәзірі бойынша тамақтанатын болды

None
None
АЛМАТЫ. Қазақпарат - Қазақстанда мектеп оқушыларын ыстық тағаммен қамтуда тендерлік жүйе алынып тасталды. Ендігі кезекте мектеп асханалары төмен бағаға қызығып, оқушыларды арзан тағаммен тамақтандыруды тоқтататын болады. Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз отырысында Қазақ тағамтану академиясының мамандары айтты.

"Шілденің 1-інен бастап мектеп оқушыларының тамақтануында мемлекеттік сатып алудың баға нормалары қолданылмайды. Бұл туралы 29 қаңтарда ҚР Үкіметінің қаулысы шықты. Ендігі кезекте оқушыларды тағаммен қамту Қазақ тағамтану академиясының мәзірі бойынша жүзеге асатын болады. Ас мәзірі балалардың жас ерекшелігіне, тағамның құнарлылығына қарай жасалады», - деді Тағамтану академиясының бөлім меңгерушісі Сәтбек Мұсабеков. Қазақ тағамтану академиясының мамандары Қазақстан Тетрапак компаниясының бастамасымен өткізілген «Мектеп сүті» халықаралық жобасының ғылыми негіздемесін жүзеге асырған болатын. Бірақ мемлекеттік сатып алу жүйесінің мектеп тағамын ұйымдастыруда төмен баға ұсынатын жеткізушілерді таңдауға байланысты ғылыми ұсыныстарды жүзеге асыруға мүмкіндік берілмей келеді. Мамандардың айтуынша, мемлекет есебінен ыстық тағаммен еліміздің барлық өңірлері қамтылмаған. Астанада 1-4 сыныптар арасында 45122 барлығы, Алматыда 79871 оқушының 94 пайызы, Ақтөбе облысында 49963 оқушының 98 пайызы, ОҚО-да 23385 оқушының 7,2 пайызы ыстық тағаммен қамтамасыз етілген. Жалпы алғанда республика бойынша 1-4 сынып оқушыларының 74 пайызы ғана ыстық тамақпен қамтылған.

Соңғы жаңалықтар