Қазақстанда оқушылар қосымша 29 күн демалыс алады - ҚР БҒМ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда өткен «Ғылым мен бизнес» ғылыми форумында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 5 күндік оқыту жүйесі туралы түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, жаңа оқу бағдарламасындағы 5 күндік оқу оқыту жүйесі оқушыларға қосымша 1,5 ай демалыс береді.

«Біз балаларға қосымша 34 күн демалыс береміз. Бұл барлық сенбілерді қоса алғанда. Енді оқу мерзімін 1 маусымға дейін созып жатырмыз. Яғни, 5 күнді алғанда барлығы 29 күн (жазғы демалыстан бөлек) ата-аналар мен балалар демалады», - деді Е.Сағадиев.

Бастауыш сыныптардан бастап, үш тіл - қазақ, орыс және ағылшын тілдері бірдей оқытылады, бастауышта әр пәнге бағытталған жаңа пәндер де енгізіледі. Жаңа бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде апробациядан өтті.

Биыл  бірінші кластар, 2017 жылы 2,5,7 кластар көшеді. Барлығы жаңа оқыту жүйесі 350 мың оқытушы мен 3 млн баланы қамтиды.

«Біз заманауи бағарламаның игілігін көруге міндеттіміз. Биылдың өзінде 75 мың оқытушы жаңа бағдарламамен оқытылады», - деді министр.

null null null 

Соңғы жаңалықтар