Қазақстанда оқиғалы туризмді дамыту қажет- маман

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Қазақстанда оқиғалы туризмді дамыту қажет. Мұндай пікірді журналистермен кездесу барысында «Алматы қаласының туристік ақпараттық орталығы» ЖШС директоры Едіге Марғұлан айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, оқиғалы туризм – саяхат барысында бір іс-шараға бағытталған туризм түрі. Ол оқиға мәдениетке, спортқа, бизнеске қатысты болуы мүмкін.

« Қазір біздің елде іс-шара туризмі қарқын алуда. Мәселен, қыркүйекте Димаш Құдайбергеннің концерті болады. Билет сатушы компаниялардың мәліметінше, билеттің басым бөлігін шетелдіктер сатып алған. Яғни, біз де осы бағытта жүруіміз керек. Қазақстанда оқиғалы туризмді дамыту қажет», - дейді Едіге Марғұлан.

Алматы қалалық Туризм басқармасы келтірген деректерге сүйенсек, осы жылдың бірінші тоқсанында орналастыру орындары 322,6 мың келушіге қызмет көрсетті, бұл 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35%-ға артық. Биыл шетелдік туристердің саны 55,1 мың адамға жетті, өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 147%-ға көп. Ал ішкі туристер саны 267,5 мың адам. Алматыдағы қонақүйлердің орташа толу көрсеткіші соңғы мәліметтер бойынша 76,6 пайызды құрайды.


Соңғы жаңалықтар