Қазақстанда офшордан қаражат шығару жүйелі сипаттағы ең өткір мәселе болып табылады - Т.Доскенов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлық желісі арқылы офшорларға қаражаттардың тұрақты ағылуы Қазақстандағы жүйелі сипатқа ие ең өзекті мәселенің бірі болып табылады. Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес жөніндегі кеңестің бірінші отырысында ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әлеуметтік сала және әріптестік комитетінің төрағасы Талғат Доскенов осылай мәлім етті.

«Ең маңызды әрі ең өткір жүйелі сипатқа ие проблемалардың бірі біздің экономикадағы офшорлану мәселесі болып отыр. Сондықтан Мемлекет басшысының отандық инвесторларды олардың активтерін экономиканың нақты секторына салуға шақыруы мейлінше өзекті. Мұның мәні мынада: экономиканың долларға тәуелділігінен басқа, бізде бизнестегі офшорланудың айтарлықтай салмақты сегменті баршылық. Әрине, бұған сыбайлас жемқорлық схемасының баттасатыны да айқын», - дейді Талғат Доскенов.

Оның айтуынша, офшорлау дегеннің өзі қаражатты еліміздің экономикасынан шығарып, оларды шетелдік юрисдикцияларға орналастыруды білдіреді. Бұның өзі сот төрелігінің мүмкіндіктерін шектейді.

«Сол себепті ҚР Президенті капиталды заңдастыруды жариялады, ал бұл шара арқылы инвестиция ретіндегі ресурстар біздің экономикаға оралуы шарт. Бұл шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлыққа бейімділікті төмендету тұрғысынан алғанда да аса маңызды мәселе, өйткені пара-қаражаттар көбінесе офшорлық аймақтарға «аттанып» жататыны айқын», - деді Т.Доскенов.

Соңғы жаңалықтар