Қазақстанда нысандарды салу шығындары азайтылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нысандар құрылысында үлгілік жобаларды қолдану кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны орта есеппен 55-65% пайызға арзандайды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрияландырудың 2-бесжылдығына талдау жүргізуде. Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерімен, әкімдіктермен және даму институттарымен бірлесіп, экономика секторларына мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларының тиімділігі, іс-шаралар жоспарларының іске асырылу тиімділігі мәселелері қарастырылды. Талдау нәтижелері әзірленіп жатқан 2020-2025 жылдарға арналған индустриаландыру бағдарламасында ескерілетін болады», - деді ол.

Сонымен қатар Жеңіс Қасымбек нысандарды салу шығындарын азайту және отандық материалдарды пайдалану мәселесіне тоқталды.

«Тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау, су, спорт және басқа да салалардағы нысандарды салуға 100-ден астам модельдік жоба әзірленді. 2016-2018 жылдар аралығында әкімдіктер типтік жобалар бойынша 238 нысан тұрғызды. Осы үлгілік жобаларды қолдану кезінде жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу құны орта есеппен 55-65% - ға, ал мерзімі 5-6 айға қысқарады. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің үлгілік жобаларды міндетті түрде пайдалануы бөлігінде бюджеттік заңнамаға түзетулер дайындалды», - деді Жеңіс Қасымбек.

Соңғы жаңалықтар