Қазақстанда нормашығармашылық процеске «Жасыл» және «Ақ» кітап енгізіледі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда нормашығармашылық процеске «Жасыл» және «Ақ» кітап енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кез келген заңның негізінде идея жатады. Проблемалар мен оларды шешу жолдары қаншалықты дұрыс анықталғандығы идеяның дұрыс тұжырымдалуына байланысты. Бұл қазіргі уақытта жеткіліксіз назар аударылып отырған маңызды кезең. Осыған байланысты Ұлыбританияның тәжірибесі бойынша нормашығармашылық процеске «Жасыл» және «Ақ» кітаптың жаңа кезеңдерін енгізу ұсынылады. «Жасыл» кітап дегеніміз нақты проблемалар егжей-тегжейлі қаралатын, содан кейін саясат пен заңнама тұрғысынан іс-қимылдардың ықтимал бағыттары көрсетілетін үкіметтік жарияланып, алдын ала есеп», - деді министр.

Оның атап өтуінше, «Жасыл» кітап қоғаммен, мүдделі нысаналы топтармен мұқият талқыланады. Кітаптың талқылану мерзімі белгіленбейді. Оған 1-2 ай, жарты жыл немесе бір жыл уақыт кетуі мүмкін. «Жасыл» кітапты талқылау барысында шешім реформалалар қажеттілігі пайдасына шешілсе, онда талқылау жаңа сатыға – «Ақ» кітап дайындауға өтеді.

«Ақ» кітапты мемлекеттік органдар алдағы реттеу саясатының ресми мәлімдемесі ретінде шығарады. Онда заңнамалық өзгерістер немесе жаңа заңдарды қабылдау бойынша нақты ұсыныстар белгіленеді. Кітап Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында талқыланады. Аталған комиссия мақұлдаған «Ақ» кітап заң жобаларын әзірлеуге негіз болады», - деді Марат Бекетаев.

Фото: ult.kz


Соңғы жаңалықтар